Басты ақпаратҚала мен Сала

Көгалдандыру жұмысы жалғасуда

Күн жылынғалы бері елордада көктемгі «Жасыл Астана» экологиялық тазалық айлығы жалғасып жатыр. Қазіргі таңда қаланың барлық ­ауданында 3,5 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды. Бұл ретте жапырақты ағаш түрлеріне басымдық берілуде.

Бүгінге дейін экологиялық айлыққа 15 мыңға жуық адам, 400-ден астам кәсіпорын мен ұйым, ПИК және МИБ ұжымдары, шағын және орта бизнес субъектілері және т. б. қатысып, жалпы ауданы 4 млн шаршы метр болатын саябақтар мен скверлерді жинау жүргізілді. Еңбек ұжымдарының, қала тұрғындарының, шағын және орта бизнес өкілдерінің көмегімен полигонға 800 тоннадан астам қалдық шығарылды.

Елорда саябақтарында, гүлзарларында және басқа да ашық алаңдарда ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, әктеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, коммуналдық қызметтер қаланың субұрқақ кешендерін іске қосуға дайындауда.

Экологиялық тазалық айлығы 6 мамырға дейін жалғасады. Осы мерзімге дейін барлық бес ауданның тұрғындары аулаларды, саябақтарды, скверлерді, қоғамдық кеңістіктерді, орман белдеулерін және жағалау аймақтарын тазалау акцияларына қатысады. Айлық аяқталғанша Астанада әлі бірнеше сенбілік жоспарланып отыр. Мәселен, бүгін, 29 сәуірде, елордада жалпықалалық тазалық акциясы өтеді, оның барысында ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өз аумағында ағаш отырғызып, қоқыс жинайды, сондай-ақ, су айдындарының маңы тазартылады. Мамандардың мәлімдеуінше, игі іс-шара аясында тағы 3 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызу жоспарлануда.

Жалпы биыл қалада бас-­аяғы миллион жасыл желек отырғызу көзделіп отыр. Сондай-ақ кәсіпорындардың аумақтарына, сауда, мәдениет және спорт объектілерінің маңын көгалдандыруға ерекше назар аударылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button