Мәдениет

Театр тынысымен танысты

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және еліміздің бір топ шығармашылық зиялы қауым өкілдері елорданың Музыкалық жас көрермен театры­ның тынысымен танысып, көрнекті жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің шығармасы желісімен сахналанған «Гауһартас» музыкалық драмасын тамашалады.

Осы спектакльдің қоюшы режиссері, аталмыш театр директоры, ­Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемировтың айтуынша, бұл жолы «Гауһартастың» 75-қойылымы ұсынылды. Өткен жазда театрда жөндеу жұмысы жүргізіліп, ғимарат жаңғырып, жаңарып қалды. Театр басшысы ұжым атынан осы іске қолдау көрсеткен қала әкіміне алғыс айтты.

Арнайы көрсетілімге шығарма авторы Дулат Исабеков те қатысты. Құрметті қонақтар жас әртістермен әңгімелесіп, пікірлесті. Қойылым соңында Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаевтың атынан ықылас гүлі ұсынылды.

Ал Музыкалық жас көрермен ­театрының жаңа маусымы өткен жұма күні қалыптасқан дәстүр бойынша заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасымен ашылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button