Мәдениет

Ұлттық инклюзивті ойындар ұйымдастырылады

Елордада «Жұлдызай-2023» ұлттық инклюзивті ойындары өтеді. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Спорт және дене шынықтыру комитеті, Ұлттық паралимпиада комитеті, «Жұлдызай және К» қоғамдық қоры ұйымдастырады.

«Жұлдызай» коры ерекше спортшыларға арналған спартакиаданы 2016 жылдан бастап өткізіп келеді. Сайыстар былтыр алғаш рет «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындары ретінде жаңа форматта өтті. Биыл «Жұлдызай-2023» ойындары Астана қаласында Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек cарайында, «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде және №10 гимназияда ұйым­дастырылады.

Ойындарды өткізу мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына, салауатты өмір салтын ұстануға, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спорттық әлеуетін арттыруына ынталандыру.

Ойындарға 10-16 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер қатысады. Олар спорттың  жеңіл атлетика, голбол, шағын футбол, үстел теннисі, «бес тас», «асық ату» және «тоғыз құмалақ» сынды ұлттық ойын түрлерінен сайысады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button