Ел тынысы

№44 мектепке Рақымжан Қошқарбаев есімі берілді

Астанадағы №44 орта мектепке Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мұндағы мақсат – келешек ұрпаққа үлгі етер тұлғалардың өмірі мен тарихын, ерлік-еңбектерін кеңінен насихаттау.

Мектепте Рақымжан Қошқарбаев атындағы алғашқы әскери патриоттық кабинет те ашылды. Мұнда батырдың өмір тарихы және марапаттарымен танысуға болады. Сондай-ақ келушілер назарына батырдың фотосуреттері қойылған.

Батыр есімін иемденген оқу ордасында бүгінде 1000-нан астам оқушы білім алады.

«Бұл – мектеп үшін үлкен мереке. Білім ордасына батырдың есімі берілгенін мақтан тұтамыз. Келешекте біздің оқушыларымыз Рақымжан Қошқарбаевтың ерліктерін жалғастыратынына кәміл сенеміз. Мектебіміздің бүгінгі миссиясы – ұлттық құндылықтар негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру», – деді мектеп директоры Ләззат Құлтаева.

«Батырдың ерлігі – ел есінде…» атты мерекелік бағдарламасы аясында бастау алған іс-шарада Рақымжан Қошқарбаевқа арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Қорғаныс министрлігі мен қалалық Білім басқармасының өкілдері, сондай-ақ педагогтер мен оқушылар қатысты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button