Ел тынысы

Астанада асық ату мен бес асықтан ұстаздар арасында республикалық турнир өтті

Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы аясында Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияда Асық ату мен бес асықтан жалпы ұстаздар арасында республикалық турнир өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Елорда төрінде өткен дүбірлі додаға Астана қаласы мен Абай, Ақмола, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан және Ұлытау облыстарынан 106 педагог қатысты.

Турнирді Асық ату спортының негізін қалаушы, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Жомарт Сабыржанұлы құттықтау сөзімен ашып, ұлттық ойынымызды ұлықтап жүрген ұстаздар қауымына сәттілік тіледі. Одан өзге мектептің директоры, спорт жанашыры Бақытгүл Амангелдіқызына турнирге көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Астана қаласы әкелер қауымдастығының төрағасы Бекдайыр Күзембаев ұлттық ойын арқылы жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеп жүргендері үшін асықшы ұстаздарға ризашылығын білдірді.

Турнирге Астана қаласы білім басқармасы, Әдістемелік орталығының әдіскерлері Гүлдана Бекетаева мен Жанболат Дәрімбетов, ҚР Асық ату федерациясының бас хатшысы Мусағали Тасқалиев, «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының атқарушы директоры Болатбек Сағымбаев қонақ ретінде қатысты.

Жамбыл Жабаев атындағы мектептің мұғалімі, белгілі өнерпаз Қасқыр Нұрғалиев әсем әннен шашу шашты.

Шын мықтылар топ жарып, турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Асық ату федерациясының дипломдары мен медальдарға және журнал редакциясы атынан пәндік төсбелгілерге ие болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button