Қала мен Сала

23 аула іріктелді



Сарыарқа ауданы әкімі аппаратында «Халық қатысатын бюджет-2022» жобасының қорытындысы шығарылды. Биыл тұрғындардың дауыс беруімен 23 аула іріктелді. Соның ішінде пәтер саны 100-ден кем 10 үй және пәтер саны 100-ден асатын 13 үй бар.

[smartslider3 slider=2821]

Келесі аптада ең көп дауыс жинаған аулаларды абаттандыру жұмыстары басталады. Жөндеу жүргізілетін аулалардың ахуалдық схемасы тұрғындардың талқылауына шығарылады.

Жоба аясындағы абаттандыру аулада толық жөндеу жұмыстарын өткізуді қамтиды. Аулалар көгалдандырылып, асфальт салынып, бордюрлер, шағын сәулет нысандары мен балаларға ойын алаңдары орнатылады. Абаттандыру жұмыстары 31 тамызға дейін аяқталады.

Сондай-ақ тізімге енгізілмеген басқа да бірқатар аулаларда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button