Қала тіршілігі

65 көшеге жөндеу жүргізіледі



Астанада жыл сайынғы жол жөндеу жұмыстары басталды. Мұны Астана қаласы әкімдігі өкілі мен Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мамандары ресми мәлімдеді.

Қазмедиа орталығынан бастал­ған баспасөз туры аясында жур­налис­терге жөндеу жүргізілуі тиіс көшелер көрсетілді. Тілшілер Бел­асар көпіріне барып, жұмыс барысымен танысты. Асфальт жолдардағы шұңқырлар бекітіліп, ойдым жерлер түзетілмек. Автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыс­тары қаладағы 65 көшені қамтиды деп жоспарлануда.
«Жөндеу жұмысы 15 ірі көшені, бірнеше көпір мен учаскеде болады. Атап айтқанда, Мәңгілік ел жол бөлігінде «Марал» көпірінен Керей-Жәнібек хандар көшесі түзеледі. Тұран даңғылы учаскесінде Қорғалжын тасжолынан Қабанбай батыр бойы жөнделеді. Момышұлы даңғылынан Мұңайтпасов көшесі аралығы, А.Пушкин көшесінен Ғ.Мұстафинге дейін маршруттық әдіспен жөндеу жүреді. Жұмыстардың басым бөлігі 1 шілдеге дейін аяқталуы тиіс. Ауа райының қолайсыздығына орай, жұмыс кеш бас­талды» дейді Жолдарды салу және жөндеу бөлімінің басшысы Асқар Исақов.
Қаладағы №18, 12, 28 бағыттағы автобус жүргізушілері жолдың жөнделіп жатқанына қуанышты. «Автобус паркі бізді әр бағытқа ауыстырып отыратындықтан, көшелердің шұңқыр-шұңқырын білемін. Жөндеу жұмыстарына орай, кейбір даңғылдарды айналып өтуге тура келіп жүр. Жолаушылар осындайда наразылық танытады. Енді осы жөндеу жұмыс­тарының игілігін көреміз» дейді бағдар жүргізушісі.
Мұнан кейін қалада салынатын веложолдардың жобасымен таныс­тық. Қалалық әкімдіктің баспасөз өкілі Серік Әділбаев веложолдардың қала тұрғындары үшін маңызды екенін айтады. «Қазір қала сыртындағы жасыл бақта велосипед тебетіндер Астананың ішінде жүрсе, қандай жақсы. Бұл тұрғыда қыруар қаржы бөліну жоспарланғанын айта кеткен жөн» дейді ол.
Ал Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пай­далану басқармасы Табиғатты қор­ғау жобаларын басқаруды перс­пек­тивалық жоспарлау бөлімінің басшысы Азамат Жанатаевтың айтуынша, 2017 жылдың 15 желтоқсанында велосипедті көліктік инфрақұрылым жобалық-сметалық құжаттары жасалыныпты. Соның негізінде, сол жағалаудағы Орталық саябақтан Есіл өзенінің жағалауына, Қонаев көшесінен Достық, Мәңгілік ел даңғылына, Рысқұлов пен Қабанбай батыр даңғылындағы айналма жолдары бойына веложол түседі.
Сондай-ақ, маманның сөзінше, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Ақмола облысы аймақтарында веложолдар салынбақ.

Қарлыға ИБРАГИМОВА




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button