Қала мен Сала

7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі



Сарыарқа ауданы әкімдігінің фронт-офисінде 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Фронт-офистің басты мақсаты – тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету. Қазірге күнде мұнда азаматтық хал актілерін жазу, әлеуметтік көмек, ауланы абаттандыру, санитарлық тазалау және т.б. бағыттар бойынша туындаған сұрақтарға жауап алуға болады.

Өткен жылы аудан аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсететін фронт-офисіне 34 мыңнан астам адам жүгінді.

2018 жылдан бері «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс жасайтын фронт-офисте мемлекеттік қызметтердің 7 түрін алуға болады.

Сонымен қатар, ақпан айынан бастап әкімдікте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша тегін кеңес алуға болады.

Фронт-офистен бөлек тұрғындар өз өтініштері мен сұрақтарын Сарыарқа ауданы телеграм чатына жазып, мамандардан жедел жауап ала алады. Астаналықтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын ikomek, Е-Өтініш ақпарат жүйелеріне де жібере алады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button