Жаңалықтар

Бірлік – біздің туымыз



Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітап­xанада Қазақстан xалқы ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға ҚХА мен Ғылыми-сараптамалық кеңес мүшелері, өңірлердің ғылыми-сараптамалық топтарының басшылары, министрліктердің өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ассамблея кафедраларының меңгерушілері қатысты.
Отырыс барысында ҚХА қызметін ғылыми-сараптамалық тұрғыда сүйе­мелдеудің тұжырымдамалық және әдіснамалық мәселелері, ассамблея кафедраларының жұмыс тәжірибесі мен өзекті міндеттері талқыланып, келешектегі жұмыс жоспарларына түзетулер енгізілді. ҚР Президенті жанындағы МБА этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі, әлеу­меттану ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасова қазіргі кезеңдегі Қазақстан халқының бірегейлігі мен бірлігі жөнінде, даму үрдістері жөнінде мазмұнды баяндама жасады. Сондай-ақ басқосу барысында қазіргі кезеңдегі бірлік пен ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелері жөнінде мамандар өзара пікір алмасты.

Аружан ТҰРҒАНБАЕВА,
Л.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің студенті




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button