Мәдениет

Абай – қазақ болмысының айнасы

«Абай күніне» орай, Астана қаласы әкімдігінің ұйымдас­тыруымен Абай ескерткіші алдына «Абай – қазақ болмысының айнасы» мәдени-танымдық шарасы өтті.

Іс-шара аясында қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым, шығармашылық сала өкілдері және қала тұрғындарының қатысуымен ұлт перзентіне құрмет жасалып, дәстүрлі гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Жиынның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов жиналған көпшілікті «Абай күнімен» құттықтап, оның шығармашылығы қазіргі уақытта қоғамға қажетті бәсекеге қабілеттілік, ұлт ретінде қалыптасу, тәрбие, еңбекқорлық тәрізді құндылықтармен үндес екендігін айтты.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен жиында сөз алып, жұртшылықты құттықтады. «Абай атамыздың өсиеті, өлеңі, қара сөзі – бүгінгі тұрмысымызда, қазіргі қоғамда өзектілігін еш жоғалтқан жоқ. Сондықтан, Абайды тану – өзімізді өзіміз тануымыз. Қазақтың бас ақынына қандай құрмет жасасақ та жарасымды» деді елорда әкімінің орынбасары.

Мәдени-танымдық іс-шарада академиктер, Абай ұрпақтары, ақындар да сөз сөйлеп, өз тілек-лебіздерін білдірді. Сондай-ақ шара аясында Астана қалалық Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері өнер көрсетіп, жиналған көпке Абай шығармашылығынан ән-жыр тарту етті.

10 тамыз – ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні. ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 22 мамырдағы №303 қаулысына сәйкес, бұл күн «Абай күні» деп аталып, Қазақстан Республикасының мерекелік күндер тізбесіне енгізілді.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button