#Жаңа Қазақстан

Әділетті қоғам – болашақ бағдары



– Алғаш рет аралас жүйе арқылы өткен Парламент сайлауы халқымыздың ғана емес, шартараптың назарын аударғаны белгілі. Партиялар да, тұрғындар да саяси доданың қорытынды нәтижесін асыға күтті. Ресми мәліметтерге сүйенсек, төменгі палатаға 6 партия өтіп отыр. Кейінгі жылдары Парламентке мұншалықты көп партия енген емес. Бірақ сайлау барысында анықталған кейбір көзге түскен нәрсе – көптеген кандидаттардың өз бағдарламасын жеткілікті деңгейде насихаттай алмауы. Ақпараттың халыққа толыққанды жетпеуі, олар туралы мәліметтің аздығы кейбір үміткерлердің саяси рейтінгін төмендетті деуге болады.

Биыл ел аймақтары мен елді мекендердегі 10 мыңнан аса сайлау учаскесінде, 62 басқа елдердегі сайлау пункт­терінде Қазақстан Парламенті мен мәслихаттарына депутаттарды сайлау жоғары деңгейде өтті деп нақты айта аламыз. Бұл сайлаудың тағы бір өзіндік ерекшелігі деп екі түрлі бағыттағы сайлаудың бір күнге біріктіріліп, бір уақытта өткізілуін айта аламыз. Бұл да қазіргі кезде еліміз үшін қаржы және уақыт тұрғысынан тиімділігі бар қадам деп бағаланады. Amanat партиясы саяси кеңістікте басымдық танытатын партия екенін тағы да дәлелдеді, «Ауыл» партиясының екінші орынға шығуы, жаңадан құрылған «Рес­публика» партиясының үшінші орынға жайғасуы биылғы сайлаудың өзіндік бір жаңалығы екені сөзсіз. Елімізде демократияландыру үдерісінің ерекше келбеті байқалады. Сайлау кезінде көптеген орынды сын, байыпты ұсыныс айтылды. Ендігі уақытта халықтың мүддесін тиімді қорғау және еліміздегі өзекті мәселелерді шешуде, азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнатуда халық сайлаған қалаулыларының маңызды міндеттері болып табылады деп сенеміз. Сол жолда аянбай қызмет жасайтынына сенгіміз келеді.

Асқар ҒҰБАЙДУЛЛИН,

Астана қаласы №38 мектеп-лицейінің мұғалімі




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button