#Жаңа Қазақстан

Әділетті шешім



– Республика күні мерекесінің қайтып оралуы – тарихи тұрғыдан өте әділетті шешім деп ойлаймын! Бұған дейін елімізде 25 қазан – Республика күні ретінде атап өтілді, ал кейінірек ол тойланбайтын болды. Мемлекет басшысының ендігі шешімі – өте дұрыс шешім. Әділеттілік салтанат құрды. Бұл көпшіліктің көңілінен шыққаны анық. Шын мәнісінде 25 қазан – бұл тәуелсіз Қазақстанның экономикалық егемендік, еріктілік алған күні. Бұл – еліміздің экономикадағы ұлттық мүдделерін шынайы сезініп, қорғауға кіріскен кезі. Іс жүзінде, сол кезеңдегі Қазақ КСР-дағы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға деген ұмтылыс жасалды десек қателеспейміз. Сол себептен, бұл күннің маңызы аса зор.

Қазақстан өзінің егемендігін жариялағаннан кейін, тәуелсіздікке алып баратын жолға түсті. 1990 жылы 25 қазанда жарияланған Декларация тәуелсіздік алу барысындағы үлкен үдерістің ең маңызды кезеңінің алғашқы қадамы болатын. Осы қадам елдің экономика саласындағы ұлттық мүддесін нақты белгілеп берді.

Енді 25 қазан – Республика күні ретінде неге ұлттық мерекеміз болып бекітілді дегенге келейік. Қандай мереке ұлттық, я болмаса мемлекеттік болып бекітілетінін әр ел басшылығы өзі шешеді. Бұл – барлық мемлекеттердің тарихи тәжірибесінде бар үрдіс. Осы тәжірибені өзгертіп, мемлекет елдің тарихына назар аудара отырып, қай күнге айрықша мәртебе беретінін өзі шешеді.

Жақсылық СӘБИТОВ,

тарихшы




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button