Басты ақпаратҚала мен Сала

Әдістемелік дәрістердің берері мол



Білім беру жүйесінің сапасын арттыру үшін педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін дамыту қажет. Бұл ретте әдістемелік дәрістердің берері мол. Осы туралы елордалық Коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен брифингте Астана қаласы әкімдігінің Әдіс­темелік орталық басшысы Сындар Дауешова мен орталық басшысының орынбасары Алма Мұхамеджанова мәлімдеді.

Астана қаласы Білім басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Әдістемелік орталық оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз ету, инновациялық процестерді енгізу, білім беру ұйымдары педагогтарының біліктілігін арттыру және кәсіби құзыреттілігін жетілдірумен айналысады. Орталық басшысы Сындар Дауешованың айтуынша, 2023 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша мектепке дейінгі білім беруде – 1062, орта білім беруде – 5247, қосымша білім беруде – 373, арнайы білім беруде – 20, техникалық және кәсіптік білім беруде – 224, жалпы саны 6926 педагогты (32,2%) біліктілікті арттыру курсынан өткізу жоспарланып отыр. Білім сапасын арттыру мақсатында оқу-тәрбие процесін жетілдіруге, басқару жүйесінің тиімділігін анықтауға бағытталған зерттеулер мен зерделеуде ұсыныс­тар әзірленіп, жүргізілуде.

– Педагогтардың кәсіби шеберлігін дамыту бағытында 171-і – шеберлік сынып, 616-сы – қалалық семинар, 338-і – оқыту семинары, 37-сі – кәсіби конкурс, 53-і – конференция мен форум, 4187-сі – педагогке педагогикалық кеңес, 220-сы – әдістемелік күн, сондай-ақ 52 әдістемелік десант ұйымдастырылса, 830 педагогтың сабақтарына қатысып, 192 инновациялық жобалар мен эксперимент алаңдары ашылды. Атап айтсақ, «Цифрлық педагогика: оқыту және практика» әдістемелік сү­йемелдеудің ашық онлайн алаңы. Әдістемелік орталықтың сайтында http://online-metod.kz платформасында 221 онлайн-семинар мен шебер-сынып ұсынылған, – деді С.Дауешова.

«Елордалық электрондық мектеп» электрондық платформасы (elorda-mektep.kz) – 13536 қысқа мерзімді сабақ жоспарлары, бейне сабақтары бар жүйелік-әдістемелік кешен. Барлық сабақтар стандартқа, бағдарламаға сәйкес жүктелген және бұл оқушыға, педагогтарға арналған ашық платформа.

Елорда педагогтары үшін ғалымдар өзара тәжірибе алмасып, жекелеген пәндер бойынша білім алушыларға арналған сабақтар өткізілуде. Жобаның бұл түрі «Профессор сабағы» деп аталады. Ал «Share» – іс-әрекетті зерттеуге бағытталған жобаға 22 мектептен 180-нен астам педагог қатысып, 2022 жылы 56 педагог Лондонда тағылымдамадан өтті.

– «Құндылыққа негізделген білім беру» жобасы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде интеллектуалдық, рухани-адамгершілік және академиялық үлгерімін арттыруға, әлеуметтенуге, кәсіби бағдарлануға, сыни ойлауды дамытуға, экологиялық мәдениетті, салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптас­тыруға бағытталған. Бүгінгі таңда жобамен №4, №8, №9, №29, №37, №54, №55, №76, №86, №87 және №88 мектептер айналысуда. Атаулы жоба аясында 2023 жылы «Qtalks» жобасы қала педагогтарына таратылатын болады. Сонымен қатар осы оқу жылынан бастап «Жас орынбасарлар», «Тәлімгерлер», «Үздік педагогтар», «Жас директорлар», әрбір пән бойынша «Жас педагогтар» жобасы жұмыс істеуде. «Жас директорлар» клубы мүшелігіне қала бойынша 3 жылға дейінгі мерзімге 32 орта білім беру ұйымдарының басшылары енді. Кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты педагогтарды анықтау үшін өткен жылы «Үздік педагог» байқауы ұйымдастырылды. Білім алушыларға және педагогтарға әдістемелік сүйемелдеу мақсатында мониторингтер мен зерттеулер өткізілді, – деді орталық басшысы.

Педагог мамандығының беделін дәріптеу, үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату мақсатында «Елордалық білім» газеті мен «Астаналық әдістеме» журналы шығып тұрады. Бас қала ұстаздарының танымдық-тәрбиелік мақалалары осы мерзімдік басылымдарда тегін жарияланады.

Астана қаласы әкімдігінің «Әдіс­темелік орталығы» басшысының орынбасары Алма Мұхамеджанова 2023 жылы атқарылатын маңызды іс-шараларға тоқталды. Бұл ретте педагогтарға көмек ретінде «Функционалдық сауаттылық: қолдану технологиялары мен практикасы» ақпараттық-әдістемелік бюллетенін шығару, «Әдістемелік күн», «Әдістемелік десант», «Профессор сабағы» жұмыстарын жалғастыру, мектепішілік бақылау жүйесін жетілдіру, тәрбие жұмысында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында зерттеу жүргізу және инновациялық жобалар мен эксперименттік алаңдарды іске асырудың аралық және қорытынды мониторингін жүргізу жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы мектепке дейінгі және орта білім беру ұйым­дарындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің ынтымақтас­тығын, білім берудегі үздіксіздік пен сабақтастықты қамтамасыз ететін «Педагогтар сабақтастығы» жобасын енгізу көзделуде. Жоба аясында «Менің алғашқы мектебім» акциясы жүзеге асырылады. Сондай-ақ педагогтарды педагогикалық-философиялық тұрғыдан ағарту жұмысын жүргізу бағытында «Абай кіші академиясы», «QTalks» жобаларын енгізу және ақпан айынан бастап оқушыларға кәсіби бағыттау мақсатында «Тағылымдық сабақ» жобасы жүзеге асырылмақшы.

– «Ақылды сынып. Ақылды демалыс» жобасы арқылы білімдегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша ЮНИСЕФ халықаралық ұйымымен ынтымақтастық орнату да жоспарда бар, – деді басшы орынбасары.


Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button