Жаңалықтар
Ахмет аты аспандады
![](https://astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2022/06/images-1-1.jpg)
Ұлт ұстазы, тіл білімі ғылымының атасы, реформатор, түркі жұртына ортақ ұлы тұлға Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркасы шығарылды.
[smartslider3 slider=3367]
3 маусымнан бастап пошта маркасы 2000000 дана мөлшерінде басып шығарылып, айналымға енгізілді.
Жағымды жаңалықтың бірі – Қостанай халықаралық әуежайына Ахаңның есімі берілетін болды. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қабылданған шешім республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберілді. Торғай ауылында Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына ескерткіш орнатылады.