Жаңалықтар
Әйгілі балуан турнирі
![](https://astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2022/05/c231e47791c01ffeb07544f06c0a1bce.jpg)
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында грек-рим күресінен Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнир басталады.
[smartslider3 slider=2875]
3-5 мамыр күндері Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін байрақты бәсекеге еліміздің барлық аймақтарынан, сондай-ақ Иран, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғыз елінен U20 санатындағы жас балуандар қатысады. Жүлделер 10 салмақ бойынша сарапқа салынады. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 4 сәуірде сағат 16.00-де өтеді. Балуандар белдесуі сағат 11.00-де басталады.