Жаңалықтар

Апаттан үш адам жараланды



Алматы ауданындағы Балқантау, 171 мекенжайында күтпеген жағдай тіркелді. салынып жатқан коттедждің екі қабатын жалғап тұрған еден жабыны опырылып құлап түскен.

Нәтижесінде үш жұмысшы қиранды астында қалып қойды. Құтқарушылар үйінді астынан 1970 жылғы және 1983 жылғы екі азаматты шығарып алған. Артынша құтқару қызметі 18 жастағы үшінші құрылысшыны құтқарды. Оқыс оқиғадан зардап шеккендердің денсаулығына қатысты Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеме жасады.
– 1 тамыз күні сағат 19:52-де жедел жәрдем бекетіне Балқантау көшесінде салынып жатқан үй құрылысының құлауынан зардап шеккендер бар деген қоңырау түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем жарақат алған үш адамды №1 қалалық ауруханаға жеткізді. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің денсаулығы орташа, тұрақты деп айтуға болады. Медициналық көмек толықтай көрсетілді. Зардап шеккендердің бәрі аурухананың бейінді бөлімінде ем қабылдап жатыр, – деді Астана қалалық Қоғамдық денсау­лық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айгерім Ардақ.
Құрылыс алаңындағы апаттың себебі әзірге белгісіз. Ал жарақат алғандардың бәрі Қазақстан азаматтары екені анықталды. Қалалық Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тексеріс жүргізіліп жатыр. Ал зардап шеккендердің келісімшартсыз жұмыс істегені анықталып отыр.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button