Апаттың алдын алады
![](https://astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2021/10/image-29-10-21-12-22-8-1.jpeg)
Елордада «Зымыран-2021» оқу-жаттығуы басталды. Ауқымды шараға жергілікті атқарушы органдар, қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиялары, Төтенше жағдайлар департаментінің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен қалалық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысуда.
Тактикалық оқу-жаттығу «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру барысында тасымалдағыш зымырандардың апаты салдарынан туындайтын төтенше жағдай кезінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының күштері мен құралдарының іс-қимылға дайындығы тақырыбындағы міндеттерді орындауға дайындық дәрежесін айқындауға бағытталған.
«Бүгінде Төтенше жағдайлар департаменті барлық оқу-жаттығуларға дайын. Құтқарушылар төтенше жағдайлар кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық және карантин нормаларын сақтай отырып, екі күн қатарынан нақты уақыт режимінде іс-қимыл алгоритмдерін пысықтайтын болады» деді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық Қорғаныс басқармасы басшысы Ратбек Демеуберген.
https://youtu.be/HN0zlActV-c