Ресмиет

Ақпараттық хабарлама



«Астананың шаруашылық басқармасы» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі қызметтік автокөлік құралдарын аукцион (ағылшын әдісімен) өткізу арқылы сату туралы хабарлайды.
Аукционды өткізу күні: 2013 жылғы 10 тамызда сағат 10:00-де.
Аукционды өткізу орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, 736-бөлме.
1-лот: Газ 31105120 маркалы автокөлік, 2006 жылы шыққан, айсберг түсті, қозғалтқыш №40620D63014020, шанақ №X9631105061323641, тіркеу туралы куәлігіне сәйкес меншік иесі «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС, мем.№Z 736 DE, бастапқы құны – 663 228,72 (алты жүз алпыс үш мың екі жүз жиырма сегіз) теңге 72 тиын, автокөлік құралы бойынша кепілдендірілген тозуы -99 484,3 (тоқсан тоғыз мың төрт жүз сексен төрт) теңге 3 тиын, техникалық жағдайы: қанағаттанарлық.
2-лот: Toyota Fortuner, 2007 жылы шыққан, қою сұр түсті, қозғалтқыш №2TR6333931, шанақ №MHFYX59G378000330, тіркеу туралы куәлігіне сәйкес меншік иесі «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС, мем. нөмірі №Z 380 NN, бастапқы құны – 3 351 307,92 (үш миллион үш жүз елу бір мың үш жүз жеті) теңге 92 тиын, автокөлік құралы бойынша кепілдендірілген тозуы –502 696,2 (бес жүз екі мың алты жүз тоқсан алты) теңге 2 тиын, техникалық жағдайы: жақсы.
3-лот: Mercedes Benz ML, 2000 жылы шыққан, қара түсті, қозғалтқыш №11294230799789, шанақ №WDC1631541A219558, тіркеу туралы куәлігіне сәйкес меншік иесі «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС, мем.№Z 670 DE, бастапқы құны – 1 715 185,23 (бір миллион жеті жүз он бес мың жүз сексен бес) теңге 23 тиын, автокөлік құралы бойынша кепілдендірілген тозуы – 257 277,8 (екі жүз елу жеті мың екі жүз жетпіс жеті) теңге 8 тиын, техникалық жағдайы: қанағаттанарлық.
4-лот: Ваз 21310, 2000 жылы шыққан, қою көгіл­дір түсті, қозғалтқыш №6000528, шанақ №XTA21310010024255, тіркеу туралы куәлігіне сәйкес меншік иесі «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС, мем. нөмірі №Z 718 DE, бастапқы құны – 592 958,47 (бес жүз тоқсан екі мың тоғыз жүз елу сегіз) теңге 47 тиын, автокөлік құралы бойынша кепілдендірілген тозуы –88 943,8 (сексен сегіз мың тоғыз жүз қырық үш) теңге 8 тиын, техникалық жағдайы: қанағаттанарлық.
5-лот: Opel Sintra, 1997 жылы шыққан, ақ түсті, қозғалтқыш №X22XE31006787, шанақ №4GDDU03A6VD163871, тіркеу туралы куәлігіне сәйкес меншік иесі «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС, мем.№Z 655 DE, бастапқы құны – 994 285,91 (тоғыз жүз тоқсан төрт мың екі жүз сексен бес) теңге 91 тиын, автокөлік құралы бойынша кепілдендірілген тозуы – 149 142,9 (жүз қырық тоғыз мың жүз қырық екі) теңге 9 тиын, техникалық жағдайы: қанағаттанарлық.
6-лот: Nissan Maxima, 1998 жылы шыққан, күміс түстес, қозғалтқыш №VQ30742750, шанақ №JN1CCUA32Z0067439, тіркеу туралы куәлігіне сәйкес меншік иесі «Астананың шаруашылық басқар­масы» ЖШС, мем. нөмірі №683 DE, бастапқы құны – 932 466,03 (тоғыз жүз отыз екі мың төрт жүз алпыс алты) теңге 3 тиын, автокөлік құралы бойынша кепіл­дендірілген тозуы –139 870 (жүз отыз тоғыз мың сегіз жүз жетпіс) теңге, техникалық жағдайы: қанағаттанарлық.
7-лот: ГАЗ 2705-24, 2000 жылы шыққан, ақ күміс түсті, қозғалтқыш №40260F*Y0118455, шанақ №270500Y0054406, тіркеу туралы куәлігіне сәйкес меншік иесі «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС, мем. нөмірі № Z 983 AL, бастапқы құны – 185 988 (жүз сексен бес мың тоғыз жүз сексен сегіз) теңге, автокөлік құралы бойынша кепілдендірілген тозуы – 27 898,2 (жиырма жеті мың сегіз жүз тоқсан сегіз) теңге 2 тиын, техникалық жағдайы: қанағаттанарлық, автокөлік пайдаланылмайды, қозғалтқышы жұмыс істемейді (қозғалтқыштың бас жағындағы бөлігі, тарату қорабы жоқ), шанағы жөндеуді талап етеді (тат басқан), ТС жабыны лакпен боялған, жағдайы қанағаттанарлықсыз жағдайда, тат басқан.
8-лот: Audi 100 C4, 1991 жылы шыққан, күміс метал түстес, қозғалтқыш №AAE011416, шанақ №WAUZZZ4AZMN060551, тіркеу туралы куәлігіне сәйкес меншік иесі «Астананың шаруашылық бас­қармасы» ЖШС, мем. нөмірі №Z 183 AA, бастапқы құны – 275 148,90 (екі жүз жетпіс бес мың жүз қырық сегіз) теңге 90 тиын, автокөлік құралы бойынша кепілдендірілген тозуы – 41 272,3 (қырық бір мың екі жүз жетпіс екі) теңге 3 тиын, техникалық жағдайы: қанағаттанарлықсыз, автокөлік пайдаланылмайды, қозғалтқышы жұмыс істемейді, лакпен боялған, жағдайы қанағаттанарлықсыз, шанағы жөндеуді, барлық 4 дөңгелегін, тіректерін ауыстыруды, гранатасын ауыстыруды талап етеді.
Бағалаушылар жоғарыда көрсетілген автокөлік құралдарын қарау кезінде жоғарыда айтылғандардан бөлек қандай да бір кемшіліктер, агрегаттарын ауыстыру керек екендігін анықтаған жоқ. Жасырын кемшіліктер табылған жоқ, себебі визуалды қарау жүргізілген.

АУКЦИОН САУДАСЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ
Қатысушыларға кез келген кепілдендірілген жарналар салуға жол беріледі, бұл жағдайда бір кепілдендірілген жарна бір объектіні ғана сатып алуға құқық береді.
Аукционды аукцион жүргізуші жүргізеді. Аукцион оны өткізу ережесі жарияланғаннан соң басталады. Қатысушылар мен сонда отырған тұлғаларға аукцион барысына әсер етуге немесе оны өткізу ережесін бұзуға тыйым салынады, ереже бұзылған жағдайда оларды аукцион жүргізуші аукцион өткізіліп жатқан залдан шығарып жібере алады.
Объектілерді саудаға шығару реті жарияланымда белгіленген ретке сәйкес келуі тиіс.
Әрбір объектіге өткізілетін сауда аукцион жүргізу­шінің объектіні сату бойынша қысқаша сипаттамасын, сауданы өткізу әдісін, бастапқы құнын және бағасын өзгерту қадамын жариялаудан басталады. Аукцион жүргізушіге сауда барысында бұл туралы жариялап, сауда қадамын өзгертуге жол беріледі.
Өзгеріс қадамы мынадай негізде белгіленеді:
объектінің бастапқы құны 100 000 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін болған жағдайда өзгеру қадамы объектінің бастапқы құнынан 5 % көлемінде белгіленген;
объектінің бастапқы құны 100 000-нан 500 000 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін болған жағдайда өзгеру қадамы объектінің бастапқы құнынан 2% көлемінде белгіленген;
объектінің бастапқы құны 500 000 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін және одан жоғары болған жағдайда өзгеру қадамы объектінің бастапқы құнынан 0,5 % көлемінде белгіленген;
аукцион жүргізуші объектінің құнын қайтара жариялау ара қашықтығы кемінде 5 секунд болуы тиіс.
Сауда-саттықтың ағылшын әдісі:
Аукцион жүргізуші объектінің бастапқы құнын және бағаның арту қадамын жариялайды. Сауда-саттыққа қатысушы нөмір көтерумен жарияланған қадамнан кем болмайтындай бастапқы құнын арттырады. Аукцион жүргізуші сауда-саттыққа қатысушылардың аукциондық нөмірін хабарлайды және оны арттыруды ұсынады. Объект бойынша сауда-саттық барынша жоғары ұсынылған бағаға дейін барады. Объектіге ең жоғарғы бағаны ұсынған қатысушыны аукцион жүргізуші хабарлайды. Аукцион жүргізуші объектінің соңғы құнын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған жағдайда балғамен ұрумен осы объектінің сатылуы туралы жариялайды.
Объект бойынша сауда-саттық егер екі қатысушы объектінің бастапты құнын кемінде екі қадамға арттырған жағдайда өткізілді деп саналады.

ҚАТЫСУШЫ РЕТІНДЕ ТІРКЕУ ҮШІН
МЫНАЛАРДЫ ҰСЫНУЫ ТИІС:
1) осы хабарламаға № 1 қосымшаға сәйкес белгі­ленген нысанда сауда-саттыққа қатысуға өтінім;
2) жеке тұлғалар үшін: жеке тұлғаны куәландыратын паспорттың немесе құжаттың көшірмесі, салыстыру үшін түпнұсқасын немесе көрсетілген құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін міндетті түрде ұсынумен жеке тұлғаны салық төлеуші ретінде есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін жеке тұлғаға бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылып беріледі;
Заңды тұлғалар үшін: жарғы көшірмесі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, салыстыру үшін түпнұсқасын немесе көрсетілген құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін міндетті түрде ұсынумен заңды тұлғаны салық төлеуші ретінде есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі, сондай-ақ банктік шоттың болуын растайтын банктен анықтама түпнұсқасы. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін заңды тұлғаға бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылып беріледі;
3) кепілдік жарнаны енгізуді растайтын төлем құжатының түпнұсқасы және көшірмесі. Төлем құжатының түпнұсқасы сауда-саттық өткеннен кейін қатысушыға қайтарылып беріледі;
4) заңды тұлға өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың түпнұсқасы, сондай-ақ салыстырғаннан кейін қайтарылып берілетін заңды тұлға өкілі паспортының және жеке тұлғасын куәландыратын куәліктің көшірмесі не болмаса заңды тұлға өкілі паспортының және жеке тұлғасын куәландыратын куәліктің нотариалды расталған көшірмесі.
Акционерлік қоғамдар акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тіркелімінен үзіндінің көшірмесі ұсынады (хабарландыру жарияланған сәтте).
Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдеріне аударылған нотариалды расталған құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.
Сауда-саттыққа қатысуға ниет білдірген адамдарды тіркеу және өтінім қабылдау талап етілген құжаттардың толық жиынтығы болған жағдайда ғана жүргізіледі.
Өтінімді қолма-қол тапсырған жағдайда сатушы сол жерде бір жұмыс сағаты ішінде талап етілген құжаттардың болуын тексереді, жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда ұсынылған өтінім тіркелмейді.
Өтінім пошта бойынша түскен жағдайда жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда ұсынылған өтінім тіркелмейді, ол туралы өтінім тапсырған адамға жазбаша нысанда бес жұмыс күні ішінде хабарланады.
Аукцион қатысушыларын тіркеу хабарландыру жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аяқталады.

Кепілдік жарналарын аудару үшін депозит шоты: «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС, СТН 620 300 352 527, БИК TSES KZ KA, ИИК КZ 37998BTB0000116305
Анықтама алу үшін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 736-бөлме мекенжайына хабарласуға болады.
55 72 33, 55 72 41.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button