Ел тынысы

АҚШ елшілігі өкілдерімен есірткіге қарсы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

ІІМ-де есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшылығы АҚШ Әділет министрлігінің есірткіге қарсы күрес басқармасының (DEA) Қазақстандағы өкілдігінің атташесі Кармен Дешепломен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Департамент бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов кездесуге қатысушыларды есірткі қылмысына және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл шаралары, оның ішінде Үкімет пен елдің мүдделі органдары қабылдайтын шаралар туралы хабардар етті.

Кармен Дешепло жиналғандарды өзінің қызметтік міндеттерімен, сондай-ақ DEA жаңадан келген қызметкерлерімен таныстырды.

Кездесуде есірткіге қарсы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, Қазақстан өкілдерін синтетикалық есірткіге қарсы күрес, оның ішінде интернет-ресурстарды пайдалану арқылы есірткі зертханаларын қауіпсіз тексеру бойынша оқыту мәселесі талқыланды.

Тараптар есірткі бизнесімен күресте өзара іс-қимылды жандандыру және өзекті ақпаратпен тұрақты негізде алмасу қажеттігі туралы қорытындыға келді.

Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог форматында өтті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button