Жаңалықтар

«Ақылды қаланың» адымдары



Astana

Астана инвестициялар тарту, кәсіпкерлікті, инфрақұрылымды дамыту және жаңа технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастырады.

Астана әкімі Әсет Исекешев пен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев осындай уағдаластыққа қол жеткізді. Тараптар шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламаларын, инвестициялар тарту, тұрғын үй құрылысы мәселелерін және бірлескен жұмыстың басқа да бағыттарын сөз етті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, Астанада индустрия­ландыру бағдарламасы белсенді іске асырылып келеді. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы аумағында ҮИИДМБ 2010-2014 жылдарға арналған бірінші бес жылдық аясында 22 жоба тапсырылды, 3000-ға жуық жұмыс орны ашылды.
Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы қолға алынғалы жалпы құны 94,2 млрд теңгені құрайтын 531 жоба мақұлданды, 8000-нан астам жұмыс орны сақталып, 4300 жұмыс орны жаңадан ашылды.
Әкімдік пен холдингтің арасын­дағы ынтымақтастықтың басты бағыттары­ның бірі – шағын және орта бизнесті қолдау. ЖӨӨ-дегі ШОБ-тың үлесі бойынша Астана еліміз бойынша бірінші орында. «Бәйтерек» ҰБХ осы бағытта ынтымақтастық орнатуға болатын екі бастама көтерді.
Холдинг пен әкімдік мемлекеттік жекеменшік әріптестік саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісті. Атап айтқанда, МЖӘ механизмін балабақшалар, ауруханалар және басқа да нысандар құрылысы барысында қолдану мәселесі талқыланды.
Сонымен қатар, қолжетімді тұрғын үй салу бойынша жұмыстар да қолға алынбақ. 2015 жылы «Арендалық тұрғын үй» бағыты бойынша «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ жалпы ауданы 56,7 мың шаршы метрді құрайтын 10,8 млрд теңгенің 853 пәтерін салу және сатып алу бойынша келісімге қол қойылды, құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау мерзімі – 2016 жылғы желтоқсан.
Сондай-ақ, «Бәйтерек девелоп­мент» АҚ желісі бойынша аренда­лық және несиеге тұрғын үй салуды қаржыландыру белсенді түрде жүргізілуде.
«Жергілікті атқарушы органдар арқылы несиелік тұрғын үй» бағыты бойынша әкімдік арқылы несиелік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру айналым мерзімі 2 жылға дейінгі облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылады. 2016 жылғы 30 маусымда «Бәйтерек девелопмент» АҚ 1,7 млрд теңгенің алғашқы облигацияларын сатып алды.
– Әкімдіктің экономика басқарма­сының жұмысының үйлесімділігін ерекше атап өтпекпін, ол «Қазақстан қор биржасы» АҚ алаңында алғашқы болып облигацияларды шығарып, қаражат алды, – деді Ерболат Досаев.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Астана қаласының әкімдігі арасында «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» желісі бойынша 3328 пәтерлік 14 үйді салу мен өткізу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бүгінде 2321 пәтерлік 10 тұрғын үй пайдалануға берілді. Тапсырылған пәтерлерге 29 639 өтініш қабылданды. Бағдарлама жүзеге асқалы тапсы­рылған 2 321 пәтер үшін Астана қаласының әкімдігіне 15 594 млн теңге қаржы аударылды.
– Мемлекет басшысы айтқандай, Астана шағын және орта бизнесі дамыған «ақылды қалаға» айналуы тиіс. Сондықтан инвестиция­лар тарту, кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша біз «Бәйтерек» холдингімен іс-әрекеттер жоспарын, қандай бағдарламалар бойынша бірге жұмыс істейтінімізді талқыладық. Бұл ретте жеке инвестициялар мен МЖӘ тетіктерін барынша пайдаланатын боламыз, – деді қала басшысы Әсет Исекешев.
Кеңес қорытындысы бойынша «Бәйтерек» холдингі мен Астана әкімдігі қыркүйек айына қарай егжей-тегжейлі іс-әрекеттер жоспарын әзірлеу туралы келісті.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button