Sport

«Арландар» Брагаға барып қайтты



Доп тебуге әуес астаналық балаларды кәсіби футболға бастап жүрген клубтардың бірі – «Арландар». Жақында осы команда Португалияға барып, белгілі «Braga Cup» турниріне қатысып қайтты.

Аталмыш турнир аты айтып тұрғандай 2018 жылы Еуропаның спорт қаласы атанған Брага қаласында өтті. Доп додасына 13 жасқа дейінгі балалардан жасақталған 32 команда қатысты.
Астананың «Арландар» футбол клубы топтық кезеңнен 2-орынмен іріктеліп шықты. Тек 1-орынмен шыққан «Брагалона» командасынан 1:0 есебімен жеңілді. 1/8 финалдан сүрінбей өтіп, ширек финалда турнирдің жеңімпазы болған Лиссабонның «Белененсеш» клубына жол берді.
Сөйтіп, «Брагалонамен» жолы тағы түйісіп, негізгі уақытта 2:2 есебімен аяқталған ойын тағдыры пенальти сериясында шешілді. Нәтижесінде «Арландар» 3:2 есебімен жеңіп, 5-орынды иеленді.
«Арландар» командасын бастап барған Фазылбек Әбсаттарұлы бұл жетістікті Астананың 20 жылдығына арнайтындарын жеткізді. Сондай-ақ, клуб президенті бұл сапардың ең басты жаңалығы деп «Арландар» мен «Брагалона» футбол клубтары Португалия-Қазақстан футбол ассоциация­сын құру туралы келісімге келгендерін атады. Оған қоса, астаналық ойыншы Алижан Ахметов «Брагалона» футбол академиясына оқуға қабылданды.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button