ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Астана полициясы пиротехниканың заңсыз саудасының жолын кесу бойынша жұмыс жүргізуде



c-5

Астана қ. ІІД Әкімшілік полициясы Басқармасының қызметкерлері жаңажылдық мерекелер қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және шығару тәртібінің сақталуын тексеру бойынша жұмысты қарқындата түсті.

«Пиротехниканың заңсыз саудасына жол бермеу мақсатында полицейлер күнделікті түрде базарлар мен көше саудасының орындарын тексеріп, сертификатталмаған өнімдердің көтерме жеткізушілерін анықтау шараларын жүргізуде. Пиротехникалық өнімдерді автокөлікпен тасымалдау заңдылығын тексеру бойынша «Рубеж» бекеттерінде жол-патрульдік полициясы нарядтарының жұмысы күшейтілді. Пиротехникалық бұйымдардың саудасы сәйкес лицензиясы бар мамандандырылған дүкендерде ғана сатылуға тиіс», – дейді Астана қ. ІІД ӘПБ бөлім бастығы Бағлан Қазбеков.

Пиротехниканы заңсыз пайдалану фактілері анықталған жағдайда заң бұзушылар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 436 б.2 б. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады (Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық құрылғыларды жару). Жазалау 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеуді қарастырады.

Сондай-ақ, «Пиротехника» жедел-алдын алу шарасы шеңберінде полиция ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп елорданың көңіл көтеру орындарының басшыларымен, мектепке дейінгі және білім беру мекемелерімен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және пиротехникалық өнімдерді пайдалануға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

astana.gov.kz.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button