Жаңалықтар

АСТАНА қ. ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! ҚҰЛАҚТАНДЫРУ БОЙЫНША АҚПАРАТ



Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары, 2016 жылдың 17 мамыры күні 9 сағат 00 минутта Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 2 минут бойы теле-радио арналарды ұстап қалумен, электродабылдарын қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру  жүйелерін тексеруін жүргізеді. Аталмыш тексеру жоспарлы болып табылады және ай сайын жүргізілетін болады.

e137cd32-1f2b-4c44-84e2-3f0143d375f2

Еске саламыз, төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алуына қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» біріңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (Хабар, Қазақстан, Евразия бірінші арна, Астана, КТК, НТК- теледидарларын; Астана FM, Шалқар, Ретро FM, Авторадио, Қазақ радиоларын) іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін қосулары керек.

Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары, Астана қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырады.

Астана қаласы ТЖД




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button