Жаңалықтар

Астана үй салудан – бірінші!



Астана тұрғын үй салу және пайдалануға беру бойынша көш бастап тұр. Мәселен, өткен жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 23460 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді.

Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының мәліметінше, былтырғы жоспарға сай тұрғын үйді тапсыру Астанада 100 пайыз орындалған. Барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйдің 2378 мың шаршы метрі пайдалануға берілсе, 109 мың шаршы метрі (1419 пәтер) «Нұрлы жер» бағдарламасы бо­йынша, 47,2 мың шаршы метрі (481 пәтер) кредиттік тұрғын үй, ал 15,1 мың шаршы метрі (154 пәтер) жалдамалы тұрғын үй негізінде, сол сияқты 47 мың шаршы метрі (784 пәтер) апатты жағдайдағы үйлерді сүру қанатқақты жобасы аясында салынған екен.
Бұдан бөлек, жалпы ауданы 352 мың шаршы метрді құрайтын немесе 4558 пәтерлік 15 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Соның ішінде биыл 235,6 мың шаршы метрді құрайтын 3106 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Сондай-ақ Астана қаласы «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие беру жағынан республикада ең жоғары көрсеткішке ие болып отыр. Бағдарлама іске асырылғаннан бастап
37 млрд теңгенің 2591 өтініші түсіп, 23,6 млрд теңгенің 1628 өтініші мақұлданған.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button