Жаңалықтар

«Астана жұлдызында» абыройы асқандар



20150704225325

Елорда күніне орай ұйымдастырылған «Астана жұлдызы» ұлттық музыка бәйгесінде жылдың үздік өнерпаздары марапатталды. Гала-концерт басталмас бұрын ел назарында жүрген эстрада жұлдыздары Бейбітшілік және келісім сарайының алдына жайылған қызыл кілем үстінен жүріп өтті.

Үрдіске айналған бұл байқаудың жылдан жылға маңызы арта түсуде. Еліміздің барша жұлдыздары Астанада бас қосып, шүйіркелесіп арқа-жарқа, олармен жүздесудің сәті түскен тыңдармандары да мәз-мейрам. Бұл салтанат өнерпаз­дар­дың шабытына шабыт қо­сып, шығармашылық ізденісін шыңдайды.
Байқауда 12 аталым бойынша үздік деп танылған жеңімпаздарға «Алтын жұлдыз» табысталды. Кешті Баян Есентаева, Динара Сәтжан және Айгүл Иманбаева мен Нұрдәулет Шертім жүргізді.
Дауыс беру нәтижесі бойынша әр аталымның жеңімпаздары марапатталды. «Үздік ер орындаушы» аталымына Айқын Төлепберген лайық болды. Айқынмен бірге дауысқа түскендер – Әли Оқапов пен Дастан Оразбеков.
Ал, «Үздік әйел орындаушы» аталымын Жанар Дұғалова жеңіп алды. Сонымен қатар, бұл байқауда Жанар «Түріквижнда» шырқаған «Ізін көрем» әнімен «Жыл әні» аталымы бойынша тағы да лауреат атанды.
«Үздік қыздар тобы» ретінде «Асыл» тобы аталса, «Жігіттер» тобы «Үздік жігіттер тобы» деп танылды. «Жаңа тыныс» аталымы жас әнші Сандаға бұйырды.
Сондай-ақ, Арман Дүйсенов – «Үздік композитор», Қалқаман Сарин – «Үздік ән мәтінінің авторы», Павел Ли «Үздік өңдеуші» аталымын иеленді.
«Үздік дуэт» атағын Бүркіт пен Аиша алса, Мейрамбек Бесбаевтың ән кеші «Үздік жеке концерт» аталымына лайық болды.
«Қазақстан музыкасының дамуына қосқан үлесі үшін» арнаулы сыйлығы – Қайрат Байбосыновқа, ал «Музыка саласының дамуына қос­қан үлесі үшін» атағы марқұм Батырхан Шүкеновке берілді. Сый­лық әншінің ұлы Мақсұт Шүке­нов пен әншінің директоры Олжас Бай­қановқа табыс етілді.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button