Ел тынысы

Астанада ат спортының конкур түрінен қыздар арасында ашық біріншілік өтеді

Астана қаласының әкімдігі Халықаралық әйелдер күніне арналған ат спортының конкур түрінен қыздар арасында өтетін ашық біріншілікті тамашалауға шақырады. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген шалт қимылдайтын шабандоз аруларымыз 8-ші наурыз күні «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде кіл мықтыларды анықтайды, деп анықтайды astana-akshamy.kz.

Көсіле шабатын сәйгүліктеріміз  биіктігі мен күрделілігі бойынша сайыстың 6 бағдары бойынша сынға түседі.

Атап айтқанда, №1 маршрут «Ашық класс санаты»,  №2 маршрут «Жастар санаты», №3 маршрут «Әуесқойлар санаты», № 4 маршрут «4 жасар жас жылқылар санаты», №5 маршрут «5 жасар жас жылқылар санаты», №6 маршрут «6 жасар жас жылқылар санаты».

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 6 000 000 теңге.   Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің Федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.

Өтетін күні: 8 наурыз Ашылу салтанаты: 10:00 Өтетін орны: «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешені (Қарқаралы тас жолы, 1., қала маңындағы №№303, 309, 320, 323 маршруттар қатынайды)

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button