Ел тынысы

Елордада экологиялық акция жалғасуда

Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акция жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Киелі мекен» ұранымен өтіп жатқан осы аптадағы науқанда тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналған. Оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мәдениет және спорт қайраткерлері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар және басқалар), еріктілер, оқушылар мен студенттер, МИБ (ПИК) және басқалар қатысуда.

Елорда тұрғындары эко іс-шараларға белсенді қатысып, әрбір тұрғын елордада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда. Азаматтар кіреберістері мен өз аулаларын таза ету үшін сенбілікке шығады.

Экоакция аясында қалада ескерткіштер мен олардың айналасындағы аумақты ауқымды тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Астанада 117 ескерткіш бар, оның 46-сы мемлекеттік қорғауға алынған. Олардың үшеуі республикалық, қалған 44-і қала деңгейіндегі жергілікті маңызы бар ескерткіштер болып саналады.

Ауқымды экоакция шеңберінде қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ экоакцияға қатысушылар арасында (20-21 сәуір) фитнес-клубқа үш абонементке конкурс өткізіледі. Оған кез келген қала тұрғыны қатыса алады.
Ол үшін: Instagram-дағы Астана әкімдігінің ресми аккаунтына (@akimat__astana) жазылу, Instagram-дағы өз аккаунтына экоакциядан түпнұсқа бейне жариялауы және оны #тазаастана, #экоакцияастана хэштегтерімен белгілеуі қажет (stories емес, пост болуы керек).

Байқау жеңімпаздары 23 сәуірде анықталады. Кез келген жерде, соның ішінде аулаңызды тазарту кезінде де видео түсіріп, жарияласаңыз болады.

Елордада ауқымды экологиялық жұмыстар жалғасуда. Үшінші апта «Жасыл аймақ» деп аталады. Ол ағаш отырғызуға, екпелерді ақтауға арналады.

4 мамырға дейінгі кезең «Өнегелі ұрпақ» деп аталады, ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналады.

“Мөлдір бұлақ» деп аталатын соңғы, бесінші аптада су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button