Жаңалықтар

Астанада пәтер арзандауда



Астанада биыл 2,36 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде елорда әкімі Әсет Исекешев баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Астанада үй салушылар бәсекелестікті сақтап қалудың орнына, жылдан-жылға бағаны түсіріп жатыр. Біз инфрақұрылымды жүргізу арқылы  қолдау көрсетіп, өзіндік құнын субсидиялап отырмыз. Соңғы үш жылда жаңа баспананың астаналық нарығындағы орташа бағасы 355 мың теңгеден 325 мың теңгеге, яғни 10 пайызға арзандаған. Долларға шаққанда тіпті екі есеге түскен. Шаршы метрі 260-280 мың теңге болатын ұсыныстар да бар»,  – деді қала әкімі.

Сондай-ақ, «жаңа баспананың арзандауына қолжетімді несиелік пен арендалық түрғын үй құрылысы да ықпал еткен. Қазіргі уақытта мемлекеттік пәтердің бір шаршы метрі 180 мың теңгеден аспайды» деді ол.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button