Жаңалықтар

Елордада 5 жаңа базар салынады

Астана әкімі Әсет Исекешев қаладағы жаңа базарлар қай ауданда салынатынын айтты, деп хабарлайды Елорда инфо. 

«Біз тұрғындардың қаланың бір шетінен бір шетіне жүрмеуі үшін, базарлардың жаяу жүріп жетуін қамтамасыз етуіне талдау жүргіздік. Мәселен, мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің тұрғындары қаланың бір шетіне қатынап, қалада кептеліс тудырмауы үшін қазір жаңа базарлардың құрылысын салуды жоспарлап отырмыз», – деді Әсет Исекешев.

Бүгінгі күні елордада жаңа базарларды салатын инвесторлармен жұмыс атқарылып жатыр. Исекешевтің айтуынша, Астанада ең кемі жаңа 5 базар салу көзделіп отыр.

«Оның бірнешесінің құрылысы осы жылы басталады. Атап айтқанда, Бейсекова көшесі мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы ауданында болады. Біздің міндетіміз – қала тұрғындары азық-түлік үшін қаланың бір шетіне сабылып жүрмейтіндей базармен қамтамасыз ету», – деді қала басшысы.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button