Елорда тынысы

Асыл азаматты еске алды

25 ақпан... Бұл күні қазақтың біртуар перзенті, аса көрнекті ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин атылды. Осыған байланысты Астанада «Асыл азамат бейнесі» тақырыбымен еске алу іс-шарасы өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, қаламгерлер мен ғалымдар қауымы, сәкентанушылар, ақынның туыстары қатысты.

Елордадағы С.Сейфуллин мұражайының директоры, тарихшы ғалым Марат Әбсеметов Сәкен 1937 жылдың 24 қыркүйегінде «халық жауы» есебінде тұтқындалып, абақтыға қамалғанын, КСРО Жоғарғы сотының көшпелі әскери коллегиясы 1938 жылдың 25 ақпанында қылмыстық ісін 20 минут қарап, ату жазасына кескенін, жалпы сол күні 39 адамның ісі қаралғанын айтты.

Мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімұлы Сәкен бабамыздың өмірбаянына тоқталып, осы іс-шараның тағылымы туралы айтып өтті. Сәкен Сейфуллиннің туыстары атынан ақынның інісі Мәжиттің жиені Алтай Қарпықұлы мен анасы Жамалдың інісі Әбіштің немересі Асылгүл Рақымжанқызы, ғалым, қоғам қайраткері Бейбіт Мамыров, журналист, жазушы, аудармашы Бақтыбай Жұмаділдин, тарихшы ғалым Сейітқали Дүйсен, С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназия директоры Гүлдерай Майканова, Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмет ауылы С.Сейфуллин атындағы мектеп директоры Атымтай Балабиев сөз сөйледі.

Оспан СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button