Жаңалықтар

АТЫРАУДАН ШЫҚҚАН ЭКСПЕДИЦИЯ АСТАНАҒА ЖЕТТІ



МАУСЫМНЫҢ 10 КҮНІ АТЫРАУ ҚАЛАСЫНАН БАСТАЛҒАН «МЕНІҢ ЕЛІМ – МОЯ СТРАНА» АТТЫ ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ ­МОТО-ШЕРУ АСТАНА ҚАЛАСЫНА КЕЛІП ЖЕТТІ. АТАЛҒАН ШАРА «ҚАЗАҚСТАН-2050» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ­ҚОЛДАУЫМЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП ОТЫР.

Экспедиция мемлекеттік «Туған жер» бағдарламасы мен «Жергілікті туризм» жобасы аясында жүзеге асып отыр. Экспедицияның мақсаты туған жердің тарихымен танысып, еліміздің көрікті жерлерін аралау болып саналады. «WHEELS BROTHERS MC» мотоклубының президенті әрі экспедиция жетекшісі Олег Шмальдің айтуынша, мотошеру ел тарихын тануда таптырмас мүмкіндік болған. Мәселен, экспедиция мүшелері еліміздің 20-дан астам қаласын аралап, тарихи орындарда аялдағанын тілге тиек етті.
– Қазақ елінің және өз өлкеңнің географиялық жағда­йын білмей, патриот болу мүмкін емес. Мәселен, экспедиция мүшелері хандардың кесенелері мен Оралдағы Пугачев мұражайында болды. Сондай-ақ, біз Маңғыстау облысындағы шатқалда болдық. Бір таңқаларлық жағдай, аталған жерге еуропалық туристер келіп, қызығып жатыр. Ал біз өзіміздің тарихи құндылықтарымызға аса мән беріп отырған жоқпыз, – дейді ол.
Олег Шмальдің айтуынша, экспедицияның құрамында 8 адам бар. Олар мотошеруден кейін еліміздегі 25 тарихи орынды анықтап, жариялайтын болады.

Серік  ЖОЛДАСБАЙ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button