Жаңалықтар

АСТАНАҒА БАЛАЛАР АҒЫЛЫП ЖАТЫР…

ЭКСПО КӨРМЕСІ АЯСЫНДА БАС ҚАЛАҒА ЕЛДІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНЕН 40 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ КЕЛЕДІ. ҚАЛА ӘКІМДІГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН ОТБАСЫ САНАТЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА КӨРМЕНІ ТЕГІН АРАЛАП КӨРУ МҮМКІНДІГІН БЕРІП ОТЫР.

Олардың алғашқы легі Астанаға келе бастады. Алдымен айтулы шараны өз көзімен көру үшін ақтөбелік 160 оқушы келген болса, бұрнағы күні Алматы облысынан – 215, Маңғыстау облысынан 97 оқушы бас қалаға ат басын тіреді.
Астана әкімдігі ұйымдастырып отырған шара барысында балалар үшін екі күндік арнайы бағдарлама ұйымдастырылған. Бірінші күні «ЭКСПО-2017» көрмесін араласа, келесі күні елорданың әсем жерлеріне саяхат жасайды.
Әр өңірдің делегациясына Астананың Білім басқармасы мен оқу орындарының директорларынан құрылған жауапты тұлғалар бекітілген. Балалардың келуінен бастап оларды орналастырылу, көрмеге апару, қаланың ішіндегі саяхат және шығарып салу қатынасының бағыты белгіленген. Оқушыларды «Astana LRT» компаниясы ұсынған қолайлы жаңа автобустармен тасымалдайды. Балалардың қауіпсіздігі үшін тәулік бойы жұмыс істейтінін ахуал орталығы да іске қосылған.

Гүлжан РАХМАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button