Жаңалықтар

Әуедегі тамақтану кешені



1422875403zhfkm

Жолаушылар тасымалының артуына байланысты Астана халықаралық әуежайында борттық тамақтану кешені іске қосылды.

Осы саланың технологиялық үдерістерін жақсартып, тағамның түрлерін көбейту мақсатында ашыл­ған жаңа кешен әуежайды қайта жаңғыртудағы басты жобаларының бірі. Борттық тамақтану кешенінің ғимараты авиациялық тамақтануға қатысты халықаралық талаптарға сай келеді. Әуе кемелерінің кез келген түріне борттық тамақтануды жеткізетін алты автолифт іске қо­сылған. Бұл – еліміздегі айрықша замануи кейтеринг-кәсіпорын. Заманауи және жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген кешенде жарты жылға дейін азық-түлік даярлайтын тағам өнімдерін сақтайтын арнаулы тоңа­зытқыш камералар қойылған.
«Астана халықаралық әуежайы» көрсетілетін қызметтердің сапалы әрі жоғары деңгейде болу үшін барлық жағдайды жасайды» дей­ді елорда әуе қақпасының қыз­мет­керлері жаңа ғимараттың ашылу салтанатында.

Айгүл УАЙСОВА




Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button