Жаңалықтар

ӘУЕЖАЙ ӘЛЕУЕТІ ӘУЕЛЕДІ



Кеше Елбасы Астана Халық­аралық әуежайының жаңа терминалында болып, жолау­шыларға арналған негізгі ғимаратты аралап шықты.

1496226658_20170531131204

Әуежайдың бас директоры Рәділбек Әдимолданың айтуынша, терминал VIP және қарапайым жолаушыларға арналған екі аймақтан тұрады. Яғни, бұдан былай Астанадағы әуежайдың екі бірдей терминалы жолаушыларға қызмет көрсететін болады. Әуежайдың жаңадан салынған бөлігі «Т1» деп белгіленсе, ал ескі ғимарат «Т2» деп аталады.

– Жаңа терминалда төрт кіреберіс бар. Ішінде жолаушыларды тіркейтін 26 бірдей орын және төлқұжат тексеретін 42 кабина орнатылған. Ал жаңа жүйенің арқасында қолжүктердің 1200 данасын бір сағаттың ішінде өткізуге болады. «Жүктерді өткізу жүйесінің басты ерекшелігі сол, қандай да бір қауіпті жүктер болса, оның барлығы автоматты түрде бірден басқа жолақпен кетеді де, қауіпсіз аймаққа шығарылады. Екінші қабатта толығымен дәмxаналар мен мейрамxаналар болады. VIP-аймақта дәретxаналармен бірге, душқа түсетін орындар да бар. Жаңа терминалдың жалпы ауданы – 47 мың шаршы метр, – деді ол.

Рәділбек Әдимолданың сөзінше, жаңа терминал жолаушыларға төрт-бес күннен кейін қызмет көрсете бастайды. Сондай-ақ, ол ескі ғимараттан ішкі рейстер, ал жаңа терминалдан xалық­аралық рейстерге ұшырылатынын айтты. Жалпы, жаңа терминал жылына 5 миллион адамға қызмет көрсетеді деп жоспарланып отыр. Ескі ғимаратпен бірге есептегенде Астана Халықаралық әуежайы 8,2 млн жолаушыға қызмет көрсетеді. Бұл «ЭКСПО-2017» халық­аралық көрмесі кезінде жолаушыларға өте қолайлы болмақ.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button