Басты ақпаратЖаңалықтар

Алты жол торабы бар алып бекет

Әуежайдың тыныс-тіршілігімен танысқаннан кейін Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жаңадан ашылған «Нұрлы жол» вокзалын аралап, кешеннің мүмкіндіктерімен танысты. Елбасының айтуынша, аталған вокзал ТМД елдері арасында теңдесі жоқ нысан болып саналады.

fb00645552663b7bd065d2dc1258a2e0
– Мен Астананың мақтанышына айналатын жаңа нысандарды аралап жүрмін. Бұл – 3,2 млн адамға қызмет көрсетіп жүрген және 2025 жылы 8 млн адамды қамти алатын әуежай. Биыл және болашақта қызмет көрсету сапасы артып, мүлдем басқа болады. Бүкіл Еуропа мен Азияны аралауға мүмкіндік беретін жаңа әуе маршруттары ашылып жатыр. Мына вокзал да посткеңестік кеңістікте жалғыз. Сіздер білесіздер, біз Қазақстанның барлық өңірлерін жылдамдығы жоғары «Тальго» пойыз­дарымен жалғадық, – деді Мемлекет басшысы.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Вокзал шаруа­шылығын дамыту және пайдалану департаментінің директоры Жұбан Көрпебаевтың айтуынша, вокзалдың жалпы аумағы 126 мың шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ, ол алты жолдың торабы кіріп отырған бекеттің тәулігіне 35 мың жолаушыны қабылдай алатынын атап өтті.

????????????????????????????????????
????????????????????????????????????

– Вокзал жолаушылар ағынын, кезегін, қауіпсіздігін, электронды билет сату процесін интеллектуалдық басқару желісімен қамтылған. «Вокзал ресми түрде бүгін ашылғанымен, іс жүзінде 1 маусым күні алғашқы жолаушылар жолға шығады. Пойыз маршруттары мен уақыты бекітілді. Жолаушылар билет сатып аларда алдын ала ақпараттандырылды. Бірінші және екінші қабатта 740 көлікке арналған автотұрақ бар. Сонымен қатар, ол жерде қызметтік-теxникалық бөлмелер орналасқан. Үшінші қабатта – шатыр астында перрон орын тепкен. Төртінші қабат ең негізгі болып саналады. Мұнда басты кіреберіс пен 10 билет кассасы, анықтама бюросы, сауда орындары бар. Бесінші қабатта фуд-корт орналасқан. Алтыншы қабатта әкімшілік кеңселер болады, – деді ол.

a52e4720520e9c80ad45a3064b9a862a

Сондай-ақ, ол вокзалдың қауіпсіздігіне көп көңіл бөлінгенін айтты. Мәселен, ғимаратта адамдарды тексерістен өткізетін 16 кіреберіс бар. Оның үстіне ақылды жүйемен басқарылатын 510 камера орнатылған. Жұбан Көрпебаевтың айтуынша, ескі вокзал транзиттік пойыздарды және қала маңындағы аудандарға қатынайтын белгілі бір пойыз­дарды қабылдайды. Ал бүгіннен бастап «Нұрлы жол» вокзалы Астанаға дейін келетін пойыздарды қабылдап, шығарып салады.

Серік  ЖОЛДАСБАЙ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button