Басты ақпаратЖаңалықтар

ӨТКЕНГЕ – САЛАУАТ, КЕЛЕШЕККЕ – АМАНАТ

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Мемлекет басшысы ­Нұрсұлтан Назарбаев Астананың іргесіндегі Ақмол ауылында орналасқан «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешеніне барды. онда Елбасы қаралы жылдардағы қанды азапты көргендердің ұрпақтарымен, туыстарымен кездесіп, ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды.

c0806f8a185c9d2868c4febb5728ce6b

Осыдан тура 20 жыл бұрын Елбасы Жарлығымен осы атау­лы еске алу күні бекітілген болатын.Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бұл күн Қазақстан тарихында айрықша күн болып саналады. Сондықтан да ол саяси қуғын-сүргін құрбандарын жалпыұлттық еске алу күні ретінде атап өтіледі.
– Бір ғана Қазақстанның өзінде сол жылдары 103 мыңнан аса адам тұтқындалып, оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Қазақ зиялыларының бетке ұстар өкілдерінің, республика басшылығының түгелге жуығы жойылды. Қазақстанның әр түкпіріндегі 11 лагерьдің қабырғасында адамдар қинау мен азаптау салдарынан қаза болды. Сол лагерьлерде миллионнан астам адам жазасын өтеді. Саяси қайраткерлермен қатар, олардың жұбайлары мен балалары да қуғын-сүргінге ұшырады. Кейбір нәрес­телер сол лагерьлерде дүниеге келді, – деді Мемлекет басшысы.Сондай-ақ, Елбасы қиын кезеңде еліміз саяси қуғын-сүргінге ұшыраған өзге ұлт өкілдеріне қамқорлық көрсеткенін айтып өтті. Осындай қиындықты бастан өткізген еліміз бүгінде біртұтас халыққа айналды.
– Халқымыз осы қайғылы оқиғаларды есте сақтауға тиіс. Мұндай қасірет қайталанбас үшін оны болашақ ұрпақ білуі керек. Бүгінде біз құқықтық жаңа мемлекет құрдық. Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалған. Біздің елде саяси қудалауға орын жоқ. Біз эволюциялық даму жолын таңдадық, – деді Мемлекет басшысы.

 Серік  ЖОЛДАСБАЙ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button