Жаңалықтар

Автобустан ән тыңдаңыз!



Қарттар күні концерттік бағдарламасы бар автобус елорда көшелерінен өтеді, өнерпаздар қариялардың сүйікті әндерін орындайды.

Қарттар күнін мерекелеу аясында қала әкімдігі мен ардагерлер кеңесі бірқатар іс-шаралар өткізуде. 1 қазанда қалалық филармония әртістері туристік автобуста арнайы концерт ұйымдастырады. Әртістер мінген көлік сағат 09.20-да қозғала бастайды және елорданың сегіз тұрғын ауданын аралайды. Атап айтқанда, Кенесары – Жеңіс даңғылы, Абай даңғылы – Брусиловский көш., Пушкин көш. – Ш.Құдайбердіұлы көш. – Ғ.Мұстафин – Қобыланды батыр көш, Б.Момышұлы – Сарайшық, Сауран – Жәнібек, Қабанбай батыр даңғылы – Республика даңғылы, Кенесарыдан Арбатқа дейін барады. Автобустағы концертте мерекемен құттықтаулар айтылып, танымал орындаушылардың халықтық және заманауи әндері орындалады.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button