#Жаңа Қазақстан

Ауызбіршілік болып, арандатуға ермейік!



– Тәуелсіз еліміз өзінің жаңа даму кезеңі – Әділетті Қазақстан бағытын айқындап, оны іске асыру жолында атқарып жатқан саяси реформаларға қарсы ішкі қарсыластарымызбен қатар, сырт­қы жауларымыз да қоғамға іріткі салып, елдің тұтастығына қауіп төндіруде. Елдегі саяси реформалардың екінші кезеңі, Парламент және мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысының нәтижесіне байланысты билікке таласушылар арасындағы келіспеушілікті ушықтыру мақсатында Петропавлдағы «Народный совет» деген сепаратистік бағыттағы қолдан арнайы жасалған ұйымның үндеуі – қоғамдағы текетіреске әкелетін алғышарттың қалып­тасуы.  Сондықтан Қазақ елінің тәуелсіздігін, бірлігін, тұтастығын сақтайтындар сабыр сақтап, ауызбіршілікте болып, мемлекеттік қауіпсіздік органдарының жұмысының қорытындысын тоса­йық.  Асығыстық жасап, осындай тарихи қиын кезеңде өзімізге-өзіміз, яғни ұлтымызға зиян тигізбейік. Елдегі осындай жағдайдың болып жатқанына біз өзіміз кінәліміз. Қазағым өз тілінде сөйлемейді, ана тілінің қадірін өздері кетіреді.  Қаза­ғым ата-баба салт-дәстүрін сақтамайды, батысқа, арабқа еліктеп өмір сүруді жақтайды. Жем­қорлық пен ақшаға сатылу мемлекеттік деңгейде жойылмай отыр. «Бір ұлт, бір дінде болайық» дегенді түсінбейді. Қоғамда осындай жағдайдың болуына кім кінәлі дейсіз ғой?  Менің айтарым, әрбір қазағым кінәлі, оның ішінде мен де, сіз де кінәлі. Ұлттық бірлігімізді сақтайық!

Әділетті Қазақстан құрамын деп жанталасып жатқан  Президентіміздің маңына топтасу керек.

Қажымұрат НӘСИЕВ,

«Ұлттық мүдде» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, ардагер ұстаз, Астана қаласы бойынша «Мерейлі отбасы-2021» байқауының жеңімпазы




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button