Ел тынысы

Байқоңыр ауданын жарықтандыру мәселесі талқыланды

Байқоңыр ауданында «Астана қалалық жарық» өкілдерімен жарықтандыру аясында жиналыс өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Өткен жылы «Байқоңыр» ауданы бойынша ауқымды жарықтандыру жұмыстары жүргізілген болатын. Ағымдағы жылы да осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын боламыз.

«Байқоңыр» ауданы бойынша ағымдағы жылдың көше және саябақ жарықтарын күтіп ұстау жұмыс жоспары барысында:

Алаш тас жолы кабелін ауыстыру;
Алаш тас жолы көпір үсті кабелін ауыстыру;
Ташенов көшесі, «Медикер» медициналық орталықтан «Алатау» спорт кешеніне дейінгі кабелді ауыстыру;
Жол көлігі оқиғасы барысында соғылған жарықтандыру тіректері және де сынған тіректерді ауыстыру;
Аудан бойынша 100 –ден аса жарықтандыру аспаптарын орнату жәнеде ауыстыру;
«Ұстаздар» аллеясында саябақ тіректерін ауыстыру;
«Құтқарушылар» аллеясында кабелдер ауыстыру жоспарланған.

Сонымен қатар, аудан бойынша жарықтандырылмаған тағы 22 участок бойынша жарықтандыру тіректерін орнату жоспарлануда.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button