Sport

«БАРЫС» АЙБАТ ШЕКТІ



Астаналық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойынында жеңіске жетті. Олар өз үйінде қытайлық «Кунлунь Ред Стар» командасын қабылдап, матч тағдыры овертаймда шешілді.

????????????????????????????????????

«Барыс» басымдығын алғашқы айналымда-ақ байқатты. Есепті алдымен 5-минутта Егор Шалапов ашты. Бұл – оның ҚХЛ-дағы бірінші голы. Сосын 20-минутта Константин Пушкарев пен Джордан Сауторн жеткізген шайбаны Линден Вей қарсылас қақпасына тоғытты. Осыдан соң «жаман үйді қонағы билейді» дегендей, қытайлық қонақтар ашынып, ашық айқасқа шықты. Әсіресе, Артем Лихотников пен Брэндон Дефационың текетіресі тартыс­ты болды.
Ал екінші таймда ойын тізгіні қонақтарға қарай ойысты. Қаны қызған олар 27 минутта және 28-минутта гол соғып, алаң иелерінің қарқынына тойтарыс берді. Бұдан соң қос команда тағы да бір-бірімен шайбамен есеп алмасып, ойын овертаймға ұласты.
Ақырында астаналықтар бұл айдында кімнің қожайын екенін ұқтырып, жеңісті жұлып алды. Жеңісті голдың авторы – Мэттью Фрэттина. Есеп – 4:3.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button