Sport

БАС ҚАЛАДА – ВЕЛОБӘЙГЕ



Сенбі күні елордада «Astana EXPO 2017 International Criterium» кәсіби веложарысы өтті. ЭКСПО көрмесінің аясында ұйымдастырылған халықаралық додаға 15 елден 20 команда қатысты.

Жарысқандардың арасынан әлемдік турдың кәсіби командалары, гранд турлардың жеңімпаздары мен велоспорттан Олимпиа­да ойындарының жүлдегерлері табылды. Әсіресе, бұл бәйгеде «Тур де Франстың» қазіргі жеңімпазы Крис Фрум, оның командаласы Микель Ланда және бұрын «Астананың» намысын қорғаған, «Astana pro Team» көшбасшысы Фабио Ару көпшіліктің назарында болды.

Қатысушылар ЭКСПО амфитеатрында таныстырылып, сол жерден бірден жарысты бастап кетті. Олардың ойдағыдай өнер көрсетуіне күн райы да қарасты. Қиқу қосып, қолдау көрсеткен астаналықтар мен туристердің қарасы қалың болды.Маршрут «Бәйтерек» монументін айнала Түркістан, Достық, Ақмешіт және Қонаев көшелерін қамтыды. Яғни, белгіленген меже 35 айналымнан 1,6 шақырымды құрады.

Веложарыс «Eurosport 2» және «Kazsport» телеарналары арқылы тікелей эфирде көрсетілді.Турнирдің қорытындысы бойынша Олимпиада чемпионы, британдық «JLT Condor» командасының мүшесі Эд Клэнси жеңімпаз атанды. Мәре сызығын екінші болып «Nippo Vini Fantini» командасының велошабандозы Николос Марини кесті. Ал үздік үштікті австралия­лық Скотт Сандерленд түйіндеді.«Азияның үздік велошабандозы» ретінде қазақстандық Бақтияр Қожатаев танылды. «Спринт королі» аталымы Рикардо Стаччиотиға бұйырды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button