Елорда тынысы
Батыр бюстінің жобасы қаралды
![](https://astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2023/01/2022_11_20_966-780x470.jpeg)
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаевтың төрағалық етуімен тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті. Жиында қызмет барысында қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин бюстінің жобалары қаралды.
– Өрт сөндіруші мамандығы – әлемдегі ең қауіпті мамандықтың бірі. Олар өз өміріне төнген қатерге қарамай, өзге адамдарды құтқарады. Мәселен, Асқар Забикулин – астаналықтардың жадында ерлік пен жанқиярлықтың үлгісі болып қалатын тұлға, – деді әкім орынбасары.
Комиссия оның бюстінің түрлі нұсқасын қарады. Үздік деп танылған үш жоба Мәдениет және спорт министрлігіне шешім қабылдау үшін жіберіледі.