Жаңалықтар

Баяғы ЦСКА -дай болар ма екен ?!



КХЛ чемпионатында өнер көрсететін астаналық «Барыс» бүгін өз алаңындағы кезекті сериясын бастайды.

Бүгін, 22 қарашада Риганың  «Динамо» командасын қабылдайды. Ойын сағат 19.00-де басталады.

Жексенбі, 24 қараша күні  Астанаға Мәскеудің ЦСКА клубы қонаққа келеді. Бүгінгі таңда ЦСКА командасының бұрынғыдай абырой-беделін ( Совет Одағының бірнеше дүркін, Еуропалық клубтық турнирлерінің жеңімпазы, КСРО құрамасының негізгі базалық командасы) көтеру үшін жан-жақты жағдайлар жасалып жатқандай. Ресейдегі үздік хоккейшілерді осы клубқа топтастырыла бастады. Радулов, Морозов…  сияқты мықты ойыншылар қазір ЦСКА жейдесімен ойнап жүр. Сондықтан «Қазақстан» спорт сарайында өтетін «Барыс» – ЦСКА арасындағы ойын өте тартысты өтетіні болжанып отыр. Матч сағат 17.00-де басталады.

«Барыс» 26 қараша күні Братиславаның «Слован», ал 28 қараша күні Праганың «Лев» командаларын қабылдайды. Бұл ойында сағат 19.00-де басталады.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button