Қала тіршілігі

БЕЛДІ МАМАН ТАҢДАУДА БЕЛСЕНДІЛІК БАР



6959b8226bee18321093ffd31bc

Астана тойына әзірлік әлдеқашан басталып кетті. Алты күн бойы дүбірі тыйылмайтын думанға алыс-жақын шет мемлекеттерден қонақтар ағылып келеді. Түрлі шаралар өтеді. Қайырымдылық акциялары тағы бар. Әсіресе, тарихқа терең бойлап, кешегі замандарды еске аламыз. Салтанаты мен сәні, ән-жыры бір бөлек.

Дәстүрге айналған «Астана таңдауы» байқауы биыл да жалғасын табады. Қала тұрғындарының үздік маман иелерін: педагогті, қоғамдық көлік жүргізушісін, учаскелік инспекторды, дәрігерді, энергияшыны, жол жөндеуші мен құрылысшыны анықтауына арналған сайысқа 1 маусым күні интернет арқылы ашық дауыс беру басталды. «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығының мәліметі бойынша, сайтқа орналастырылған үміткерлерге алғашқы екі тәуліктің ішінде 2223 адам дауыс берген.

Байқау жөнінде айтсақ, оған қатысуға өтініштер қабылдау сәуір айынан 31 мамырға дейін жүргізілді. Осы уақыт ішінде 250 өтініш келіп түсті. Соның ішінде 195 маман іріктеп алынды, олар дауыс беруге қатысуда.

Ең көп, яғни, 65 өтініш мұғалімдерден келіп түсіпті. Екінші орында энергияшылар – 39, үшінші – дәрігерлер – 31, содан кейін құрылысшылар – 25, жүргізушілер – 14, учаскелік полиция инспекторлары – 13 және жол жөндеушілер – 8.

Дауыс беруге тек тіркелген пайдаланушылар ғана қатыса алады. www.astana.gov.kz сайтында дауыс беру кезеңінде әр аталым бойынша бір үміткерге бір рет қана дауыс беруге болады. Дауыс беру парақшасында қатысушылар әр санат бойынша алфавит ретімен жазылған.

Байқау жеңімпаздары халыққа танылып, Астана қаласының әкімінің кубогы мен грамотасын иеленеді. Сонымен қатар, жеңімпаздар туралы шағын деректі фильм түсіріліп, фотосессия ұйымдастырылады, елорда көшелерінде үздік маман иелерінің бейнесі мен есімдері жазылған билбордтар ілінеді.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button