Елорда тынысы

Binom мұғалімдерi күресті



Астана қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-
лицейінде мұғалімдер арасында «BINOM BARYSY» ашық турнирі өткізілді.

Мұғалім күніне орай алғашқы рет ұйымдастырылған жарысты арнайы қонақ ретінде шақырылған Мәжіліс депутаты, Олимпиада
ойындарының екі дүркін жүлдегері, әлем, Еуропа, Азия чемпионы, КСРО біріншілігінің жеті дүркін жеңімпазы Дәулет Тұрлыханов ашып, «BINOM BARYSY» жобасын қолдау білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ұстаздар арасында әріптестік қарым-қатынасты, салауатты өмір салтын калыптастыруды және ұлттық спорт түрлерін дамытуды мақсат еткен жарысқа Астана қаласының «Qazaq kuresi» федерациясының атқарушы директоры Нұрсұлтан Болат, «Қазақ күресі» ассоциациясының менеджері Дамир Бекбосынов және спорт төрешісі Серікболсын Аятбергенов төрешілік етті.

– Турнирде елордадағы алты BINOM SCHOOL мектеп-лицейлерінен  18 ұстаз күш сынасты. Олар – әртүрлі пән мұғалімдері. Жарыстың салтанатты ашылуына даңқты балуанымыз, халық қалаулысы Дәулет Тұрлыханов қатысып, бастамамызға қолдау білдірді. Алғаш рет өткізілген жарысқа арнайы  ауыспалы «BINOM BARYSY» белдігі бекітілді. Ұлттық дәстүр мен тәлім-тәрбиеге негізделген осы жарысты енді дәстүрлі ету ойымызда бар, – дейді жарыстың ұйымдастырушысы, Ы.Алтынсарин атындағы BINON SCHOOL мектеп-лицейінің директоры Берікболсын Кемелбек.

Ал енді күні бойы мұғалімдер мен оқушылар жанкүйер болған тартысты жарыстың қорытындысында «BINOM BARYSY» белдігін Қ.Мырза Әлі атындағы мектептің информатика пәні мұғалімі Нұрсұлтан Исмағұлов айқын басымдықпен  жеңіп алды. Екінші орынды – Ә.Бөкейхан атындағы мектептің дене шынықтыру мұғалімі Әмірхан Есенқабылов, ал үшінші орынды Ә.Бөкейхан атындағы мектептің дене шынықтыру мұғалімі Дінислам Әубәкіров пен Қ.Сәтбаев атындағы мектептің дене шынықтыру мұғалімі Еркебұлан Орынбасаров иеленді.

Дәстүрлі қазақ күресінің өрісін кеңейтуге, мұғалімдердің шеберлігі мен белсенділігін арттыруға, мектептер арасындағы байланысты нығайтуға дәнекер болған турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырған Ы.Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі ұжымына жарысқа қатысушылар да, жанкүйерлер де дән риза болды.

 


Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button