Елорда тынысы

Төртінші алтын түсті

Кеше Азия ойындарына қатысып жатқан Қазақстан құрамасының қоржынына төртінші алтын медаль түсті.

Төртінші алтынды 500 метрге байдарка мен каноэда ескек есуден Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов жұбы жеңіп алды. Біздің ескекшілер  Жапония құрамасынан (1:49.237) және Ираннан келген жұптан (1:50.486) озып кетті. Осыған дейінгі алтын медальдарды стендтік атудан жұптық сайысында Әсем Орынбай мен Эдурад Ещенко, 10 метрлік нысана көздеуден Зухра Ихназарова, стендтік атудан әйелдер арасындағы командалық сайыста Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Парыгина жеңіп алған еді. Осылайша, әзірге мергендеріміз ғана үздік нәтиже көрсетті.

Өкінішке қарай, биыл әлем чемпионы атанған боксшыларымыз Сабырхан Махмұд пен Нұрбек Оралбай жартылай финалға жетпей жарыстан шығып қалды. Жеңіл салмақта үміт артқан Сәкен Бибосынов та ширек финалда сүрінді. Қыздар бәсекесінде екі дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай мен әлем чемпионы Валентиа Хальзова да үмітті ақтамады. Дзюдо күресінде де алтын бұйырмады. Ендігі үміт – балуандарымызда. Еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі шеберлері бірнеше алтын жүлдеге қол созады деп отырмыз.

Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте кеше ғана үздік он елдің қатарына қосылды. Әзірге қоржында
4 алтын, 7 қола және 25 қола медаль бар. Ал көш басында 139 алтын, 73 күміс, 39 қола жүлдесі бар Қытай құрамасы тұр. Екінші орында Жапония, үшінші орында Оңтүстік Корея спортшылары келеді.

 

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button