Жаңалықтар

Бірқатар қала басқармалары біріктірілді



DSC_5808

Астана қаласы мәслихатының 55-інші, кезектен тыс сессиясының жұмысына елорда әкімінің орынбасары А.Лукин, қалалық басқармалар мен мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласын басқару тәсімі туралы болды. Осыған орай, Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары А.Ахмеджанов баяндама жасап, халық қалаулыларына елордадағы бірқатар басқармалардың біріктірілуін және кейбір басқармалардың атауларын өзгертуді ұсынды. Ол осылайша қалалық Мәдениет басқармасы мен Мұрағаттар және құжаттама басқармасын біріктіріп – Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Коммуналдық шаруашылық басқармасын – Астана қаласы Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы, Жер қатынастары басқармасын Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» деп өзгертуді ұсынды. Одан әрі қала әкімі аппараты басшысының орынбасары Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын – Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы деп атауды, Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасындағы «туризм» сөзін алып тастауды, сондай-ақ Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына « Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» деген жаңа атау беру жөнінде ұсыныс жасады. Халық қалаулылары бұл ұсыныстарды бірауыздан мақұлдады.
Сессия барысында сөз алған Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Лукин бірақатар басқарманы біріктіріп, кейбіреуін қайта атау аса мәжбүрліктен туындап отырған жағдай екенін ескертті.
– Астана қаласы әкімдігінің дербес құрамын нығайту мақсатында жүзеге асырылатын бұл шараның ешкімді де қуантпасы анық. Әрине, жанға бататын жағдай. Үйреншікті жұмыстан айырылу ешкімге де оңай емес. Дегенмен, алда экономикалық қиындықтардың келе жатқаны белгілі. Сондықтан, басқармаларды қайта құру барысында біз 15-20 пайызға дейін бірінші басшылардың лауазымын қысқартуға тырыстық. Бұл, сөз жоқ, аса қажеттіліктен туындап отыр. Осыған орай, бюджет қаражатын үнемдеп, қызметтік автокөліктер санын азайтуға жол аштық,- деді А,Лукин.
Одан әрі жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасындағы қаражатты қайта бөлу мәселелері мен мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға байланысты кейбір сатып алу туралы шарттарының жобалары келісілді.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button