Шаһар шежіресі

Бөгенбай батырдың дулығасы қайда?



Целиноград облыстық Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы болған Молдахмет Досаев Ақмола облысы Ерейментау ауданы Малтабар ауылында Бөгенбай батырдың дулығасын сақтап келген батырдың тікелей ұрпағы Батырқожа Кенжалинмен бір кездесуінде баһадүрдің киген дулығасын қолымен ұстап, танысыпты.

Ғасырлар бойғы тарихтың тәбәрігіндей осынау дулығаны көзбен көріп, қолымен ұстаған Молдакең: «дулыға шығыршықсыз, кезінде ауыл-аймақтың ауырған-сырқаған адамдары батыр бабаның аруағы қолдасын деп шығыршықты бір-бірлеп ырым етіп үзіп ала бергенге ұқсайды. Бұл бір ғана әулеттің қазынасы емес, бүкіл халқымыздың қуанышы, игілігі болуға тиіс» деген еді.

Бұл дулығаны 2021 жылы ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР Қарулы күштерінің ­Әскери-тарихи музей қорына салтанатты түрде батырдың ұрпағы Жабай Батыр­қожаұлы табыстады. Сөйтіп, ұлт тарихында өшпес ізі қалған халық батыры Бөген­байдың дулығасы қалың көпшіліктің рухани игілігіне айналды.

Суретте: М.Досаев Бөгенбай баһадүрдің дулығасымен танысуда, 1991 жыл.

Ғазиза ИСАХАН




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button