Sport

Бокс кеші тартымды



Астанада кәсіпқой бокс кеші өтті. «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өткен турнирге кәсіпқой боксшылар да, бокс жанкүйерлері де қатысты.

Бокс кеші олимпиада чемпионы Бақ­тияр Артаев пен кәсіпқой бокста танымал Қанат Исламның ұйытқы болуымен ұйым­дастырылды. Қызығы сол, бұл кеште шаршы алаңға бокс жанкүйерлері де шығып жұдырықтасты. Үздіктері арнайы жүлделермен марапатталды.
Ал бокс кешінде Айдар Шәрібаев украиналық Артем Айвазадиден басым түссе, Руслан Мырсатаев тағы бір украин спортшысы Павел Кроленконы жеңді. Өз кезегінде Абылайхан Құсайынов та украиналық Максим Морозды техникалық нокаутпен ұтты.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button