Жаңалықтар

Заңсыз орнатылған антенналар алынды

Қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау департаменті Kcell, ALTEL, Beeline және басқа да ұялы байланыс операторларының құрылғыларынан электромагниттік сәулелердің бөлінуіне үнемі мониторинг жүргізді.

Елорда тұрғындарының ұялы байланыс антенналары туралы өтініштерін тексеру нәтижесінде 17 ұялы байланыс антеннасы алынып тасталды. Департамент басшысы Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, ұялы байланыс антенналары санитарлық аумақ сақталмай орнатылған жағдайда, адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұның соңы бас ауруы, жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларына және гормоналды өзгерістерге де әкеп соғуы ықтимал. Балабақша, мектеп және интернат ғимараттарына антенналарды орналастыруға тыйым салынады. Ал тұрғын үй және әкімшілік ғимараттардың шатырларына 100 Вт-тан астам қуаты бар таратушы антенналарды орналастыруға рұқсат жоқ.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button